Былтыр финалда Айбектен басым болған Роман Бобиков допинг тестен сүрінді. Ресейлік балуанның белдесуден кейін тапсырған сынамасынан тыйым салынған препарат табылды. Сондай-ақ Бобиков желтоқсан айында Ақтөбе қаласында өткен әлем чемпионатының күміс медалін де қайтаруы тиіс. ВАДА кодексін бұзғаны үшін орыс балуаны 2 жылға спорттан шектетіліп отыр. Осылайша Айбек Нұғымаров 3 дүркін «Әлем барысының» алтын белбеу иегері атанып отыр.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айбек Нұғымаров «Әлем барысы-2019» жарысының жеңімпазы деп танылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124242/)