Соңғы бір айда Қазақстан шекарасынан өтетін адамдар саны 10 есеге кеміді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов сенат қабырғасында тілшілерге осылай деп ақпарат берді. Оның сөзіне қарағанда, шекара күзетінде тұрған әскерилер арасында карантинге жатқызылғандар жоқ. Бірақ коронавирустың алдын алуға байланысты шекарашылар кезекті ауысымдағы қызметке кіріспес бұрын және жұмыстан кейін міндетті түрде медициналық тексерістен өтеді.
Ғабит БӨКЕНБАЙ