![Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге елге келгендер карантинге жатқызылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/13/1584090766176.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатынын айтты.
«Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар Алматы қаласындағы инфекциялық стационарда жатыр. Бірінші науқас 9 наурызда, екіншісі 12 наурызда келген. Олардың кім екенін жариялай алмаймыз. Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», - деді ол.
Сонымен қатар министр «Б» жоспары бүгін күшіне енгенін хабарлады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен бірге елге келгендер карантинге жатқызылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124288/)