![Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/13/1584100334340.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын айтты.
«Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Ол Милан қаласынан 12 наурызда Нұр-Сұлтанға келген. Науқаспен қатар сол ұшақпен келген 90 жолаушы да карантинге жатқызылды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұған дейін, Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124306/)