Кешеден бері қаладағы ірі сауда орындарында тұрғындардың жаппай азық түлік сатып алуына себеп, 10 наурыздан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакеттердің беріле бастауы. 1-6 жас аралығындағы балаларға алғаш рет атаулы әлеуметтік көмектің бір бөлігі азық-түлік және тұрмыстық заттар түрінде беріліп жатыр. Дүйім жұрт дүкендерге сабылып жатқанын көрген өзгелер де дүрбелеңге салынып, сауда орындарына лап қойған. Жалпы, елімізде мұндай әлеуметтік пакет 3 айда бір таратылып тұрады.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АӘК бойынша азық-түлік таратылып жатқан суреттердің желіге шығып кетуі елді дүрліктірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124330/)