«Азық-түлік тапшылығы», «дүкен сөрелерінің босап қалды» деген сыбыстарға орай: «Бізде азық-түліктің негізгі 19 түрі бар. Қазақстан бұл азық-түлік түрлері бойынша жарты жылға дейін өзін қамтамасыз ете алады. Азық-түлік қауіпсіздігі бақылауда», - деген өкімет. Дегенмен қап-қап ұн, қорап-қорап макарон, толтырып шай-май алып, дүрбелеңге түскендер болды. Әрине, бұл әркімнің өз еркіндегі шаруа.
Дегенмен басқа түскен сынақтан сүрінбей өтуімізге осындай әрекеттердің де ықпалы бар – салқын ақыл мен сабырдан жұрдай, мазасыздық – қайсысы? Қайсысы бізге жәрдем?
Ақерке БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі азық-түлік қоры жарты жылға дейін жетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124366/)