![Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді - Президент](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/16/1584346963994.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біз экономикалық жағдайды басты назарда ұстаймыз. Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін орындайды. Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында бұған қажетті қорымыз қалыптасты, қаражат бар. Осы орайда азық-түлік қоры жеткілікті екеніне назар аудартқым келеді. Күнделікті тұтынатын тауар бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді», - деді Президент халыққа үндеуінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатуға жол берілмейді - Президент&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124412/)