![Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/17/1584426934948.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша тағы 14 жаңа науқас тіркелді.
«Бүгін сіздерге Алматы қаласында қосымша 3 коронавирус жағдайы тіркелгенін жеткіздік. Қазіргі уақытта қосымша Нұр-Сұлтанда 14 жаңа науқас тіркелді. Бұл науқастар тәртіп бойынша карантинге жатқызылып, байланыс жасаған азаматтармен бірге жұмыс жасалды. Барлық байланыстағы адамдар анықталуда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында.
Осылайша, қауіпті індетпен ауырғандар саны 27-ге жетті. Оның ішінде 16 жағдай - Нұр-Сұлтанда, 11 факті - Алматыда тіркелген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 14 адам анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124458/)