![Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшесі Расул Жұмалыны қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/17/1584441111389.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады.
Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.
Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшесі Расул Жұмалыны қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124484/)