Штаб құрамындағы барлық мемлекеттік органдар пандемияға қарсы іс-шараларды үйлестіреді. Бұқараға дер кезінде әрі дұрыс ақпарат тарату үшін арнайы сайт та ашылды. Turkistan.covit.kz парақшасында жұқпалы індеттен сақтану жолдары, төтенше жағдай кезіндегі талап-тәртіптер, қабылданған шаралар мен шектеулер туралы ақпарат шоғырланған. Сондай-ақ, қай мекеме карантинге жабылды, қоғамдық орындардың қайсы ашық, азық-түлік сауда орындарының жұмыс кестесіне қатысты мәлімет те жазылады.
Гүжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістанда ситуациялық орталық ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124487/)