Азық-түлікті қымбатқа сатып, халықтың қалтасын қағатын кәсіпкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Президент жарлығы бойынша, осы аптаның соңына дейін баға тұрақталуы тиіс. Әйтпесе шекті баға белгілеуге мәжбүрміз,-деді Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Бұл нарықтық экономикаға сай келмесе де, қиын аралықта жұртшылықты қолдау керек. Сондай-ақ ведомстволар өңіраралық байланыс орнатып тапшы тауарларды бөлуді жоспарлап отыр. Егер жекелеген дүкендердің жұмысы баяуласа, жолға көшпелі сауда шығады. Өндірушілер тұрғындармен делдалсыз сауда жасайды.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азық-түлікті қымбатқа сатқандар жауапкершілікке тартылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124492/)