Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Отырыста ішкі нарықты толықтыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына импорттық салықты алып тастау мәселесі пысықталды. Өңір әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қазіргі жай-күйіне күн сайын мониторинг жүргізіп, қажет болған жағдайда шекті бағаларды белгілеп, интервенция өткізу арқылы тиісті шұғыл шараларды қабылдау бойыша тапсырма берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Селекторлық отырыста әкімдерге төтенше жағдайға байланысты тапсырмалар берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124579/)