Нұр-Сұлтандағы ірі қонақ үйлердің бірі ауруханаға айналуы мүмкін. Яғни, Ramada Plaza қонақ үйі коронавирус жұқтырған адамдар үшін ауруханаға қажетті құрылғылармен жабдықталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен хабарлады. Төтенше жағдайға орай, «С» жоспарына көшкен жағдайда осындай шара қолға алынбақ. «Вирус жаппай тарала бастаса, карантин үшін төсек-орын жеткілікті болуы керек», - дейді Бахтияр Мәкен. Қалаға азық-түлік жеткізетін көліктер санитарлық шаралары күшейтілген «Жасыл дәліз» арқылы кіреді. Ал транзиттік жолаушылар пойызы қалаға тоқтамайды. 22-ші наурыздан бастап барлық әуе, темір жол және басқа да көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Махамбет БЕЙБІТШІЛІК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтандағы қонақ үй ауруханаға айналмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124641/)