Италияда вирустан қаза болғандар саны Қытайдан асып кетті. Елде жұқпалы дерттен 3405 адам көз жұмды. Қауіпті инфекцияны Монако ханзадасы Альбер ІІ-де жұқтырған. Дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтар үшін салық төлеу мерзімін 3 айға дейін ұзартты. Сонымен қатар, вирустың жылдам таралуына байланысты оған қарсы вакцинаны тезірек шығаруға тапсырма берді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италияда вирустан қаза болғандар саны Қытайдан асып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124661/)