![Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ - Денсаулық сақтау басқармасы](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/20/1584685728034.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыда 2 адамнан коронавирус анықталды.
«Өкінішке қарай, біздің облыста коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы екі оқиғасы анықталды. Екеуі де шетелден келген. Вирус Минск-Нұр-Сұлтан рейсімен келген ұшақ жолаушыларынан табылды. 18 наурызда борт елорданың карантинге жабылуына байланысты Қарағанды қаласындағы әуежайға қонды. Бұл күні Нұр-Сұлтанға 3 халықаралық борт келді. Жолаушыларды қарсы алу кезінде барлық қажетті қауіпсіздік шаралары сақталған. Қалада карантин жариялауға негіз жоқ», - деді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда карантин жариялауға негіз жоқ - Денсаулық сақтау басқармасы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124683/)