Биыл 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестиция стратегиясы да қабылданған еді. Құжат аясында индустриалды-инновациялық дамытудағы басты салалар мен қай елдермен ынтымақтастық нығайтылатыны анықталды. Бұл мемлекеттердің ішінде 11-не басымдық беріліп отыр. Олар: АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктері. Ал, қаржы құюды қажет ететін басты салалар: көлік жасау, тамақ өнеркәсібі, мұнай, газ және пайдалы қазбаларды өңдеу.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан 5 жыл ішінде 118 млрд доллар көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12472/)