Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар коронавирус пандемиясына байланысты ахуалды талқылап, жаһандық індетті еңсеру үшін екі елде қабылданып жатқан шараларға қолдау білдірді. Сондай-ақ қазақ-өзбек ынтымақтастығы мен өңірдегі күн тәртібінде тұрған мәселелер қозғалды. Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124724/)