![Дональд Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/26/1585205916733.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Наурыз - бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі. Биыл біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің америкалық бизнес үшін қолайлы саналатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын», - делінген құттықтауда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дональд Трамп қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124832/)