Еуропаның бірқатар елдері коронавирус эпидемиясының алғашқы кезеңінде карантин ережелерін толық орындамады. Олар ресторандарға, барларға, жағажайлар және өзге де қоғамдық орындарға көптеп барып, көшелелерге маскасыз шықты немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға аса мән бермеді. Соның нәтижесінде бүгін Испания коронавирус құрбандары саны жағынан Қытайды басып озып, Италиядан кейінгі екінші орынға шыққан. Мұнда қазір 1800-орындық мұз айдыны сарайы вирустан қайтыс болғандардың денелерін жинайтын мәйітханаға айналып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропада коронавирус құрбандарының саны күрт көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124838/)