«Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында бүгін осындай 500-ге жуық жанұяға «Нұр Отан» партиясы мен волонтерлер көмек көрсетті. Ұн, май, қант, күріш, картоп секілді азық-түліктен бөлек, медициналық бетперделер мен антисептиктер үлестірілді. Еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп жатқан қайырымдылық шарасы аясында алдағы күндері елордада 5 мыңға жуық отбасыға көмек көрсетілмек.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтанда көмекке мұқтаж отбасыларға тегін азық-түлік таратылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124852/)