![АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/27/1585280747595.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ коронавирус жұқтырған адамдардың саны бойынша Қытайдан озды. Қазір онда 85 505 адам дертке шалдыққан. Коронавирустан қайтыс болғандар саны да өсіп, 1288-ге жетті.
АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, елдің коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орынға шығуы адамдарға жаппай тестілеудің өткізілуімен байланысты. Нью-Йоркте 30 мыңнан астам адамға індет жұқтырды деген диагноз қойылды. Ал коронавирус жұқтыру оқиғалары АҚШ-тың 50 штатында тіркелген.
АҚШ Сенаты ел экономикасын қолдау үшін 2 триллион доллар бөлу туралы заң жобасын қабылдаған еді. Яғни, АҚШ-тың әрбір ересек тұрғынына 1200 доллар көлемінде біржолғы көмек беріледі деп болжануда. Сондай-ақ шағын компанияларға жалақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаржылық демеу көрсетіледі. АҚШ-та коронавирустың кесірінен жұмыссыздар саны рекордты 3,3 миллионға жетті.
bbc.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны Қытайдан асып түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124883/)