![Нұр-Сұлтан және Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/27/1585294701487.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер А.Көлгінов пен Б.Сағынтаев баяндады.
Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті.
Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан және Алматыдағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124889/)