Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты. Бұл жөнінде Президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырды. «64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды. Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз»
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124890/)