Дәл қазіргі таңда еліміз бойынша COVID-19 вирусы 124 адамнан анықталды. Стационарлық карантинде 2164, үйде 4799 адам оқшауланған.
Бұл індет еліміздің тоғыз аймағына тарап үлгерген. Нұр-сұлтан қаласында науқастар саны 60-қа жетіп отыр. Алматыда ауруға шалдыққан 48 адам тіркелді. Қарағандыда 4, Жамбыл және Атырау облыстарында үш адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Шымкентте 2 адамнан анықталған. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Ақтөбе өңірі және Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан короновирус анықталған. Ел бойынша бұл вирустан екі азамат айығып шықты. Бір адам қайтыс болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирус еліміздің тоғыз аймағына тарап үлгерді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124892/)