Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды. Кез келген адам өз денсаулығынан күдіктенетін болса анонимді сауалнамадан өте алады. 3-4 сұраққа жауап беріп, ары қарай не істеу керектігі жайлы маманнан кеңес алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді. Шетелден келген азаматтарды тіркеу жұмыстары да электронды нұсқаға ауыстырылды. Ол жерде азаматтың қай елдерде болғаны, кімдермен жақын байланыста болғаны және денсаулығы туралы ақпарат болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустың белгілерін нақтылайтын онлайн анкета іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124894/)