![1 cәуірден бастап Атырауға баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/30/1585543407234.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 сәуірден бастап Атырауға баратын және одан шығатын барлық пойыздарға билет сату, жолаушыларды отырғызу және түсіруге тыйым салынады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
31 наурыздан бастап № 692/691 Ақтөбе-Атырау пойызының маршруты Доссор станциясына дейін қысқарады. 1 сәуірден бастап №313/314 Атырау-Маңғыстау және №47/48 Атырау-Бурабай курорты жолаушылар пойызы, 2 сәуірден бастап №41/42 Атырау-Шу пойызының қозғалысы тоқтатылады.
Бұған дейін Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет алған жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, ақшалай қаражатты толықтай ала алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 cәуірден бастап Атырауға баратын барлық жолаушылар пойызы тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124982/)