![31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/30/1585566341065.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі.
Жүк және азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктерден басқа көлік түрлеріне облыстардың аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады.
Ірі сауда орталықтары (ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханасын есепке алмағанда), шипажай-курортты нысандар, өнеркәсіптік тауарларды, киім-кешек, құрылыс тауарларын сататын базарлар жұмысын тоқтатады.
Аймақтардағы қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру режіміне көшеді.
Сондай-ақ облыс тұрғындарына үйден шықпауға кеңес берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=31 наурыздан бастап Ақмола және Жамбыл облыстарында шектеу шаралары енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124990/)