Жұқпалы індетке байланысты үйде карантинде отырған азаматтарға енді қашықтықтан бақылау жүргізілмек. Smart Astana мобилдьді қосымшасы арқылы жүзеге асатын бұл жүйе 1 сәуірден бастап енгізіледі. Бақылау тетігінің бұл түрі әзірге Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында ғана іске қосылады. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың айтуынша, жоба әлемнің 15-ке жуық елінде табысты түрде жүзеге асқан. Карантиндегілерді қашықтықтан қадағалау үшін Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе Smart Astana қосымшасын қолға алмақ. Бұл бойынша, карантинде жатқан әрбір азамат ұялы телефонына мобильді қосымшаны орнатып, геолокацияны, Wi-Fi және Bluetooth жүйелерін қосып қоюы шарт.
Назым ҚАЙРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантиндегі азаматтар мобильді қосымша арқылы бақылауға алынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125026/)