![Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайы барлық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/31/1585629711742.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.
«1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ведомство мәліметіне сай, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады. Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайы барлық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125032/)