![Грузияда коменданттық сағат енгізілді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/31/1585631146154.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Грузияда коронавирустың жаппай тарауына байланысты коменданттық сағат енгізілді. Бұл туралы елдің премьер-министрі Георгий Гахария мәлімдеді.
Ел аумағында 31 наурыздан бастап кешкі сағат 21:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көлік қозғалысы мен адамдардың жүруіне шектеу қойылады.
Сондай-ақ Тбилиси, Кутаиси, Батуми, Поти, Зугдиди, Рустави қалалары карантинге жабылады.
Грузияда бүгінгі күнге дейін 98 адам коронавирус жұқтырған.
ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Грузияда коменданттық сағат енгізілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125033/)