![Токио Олимпиадасының өтетін мерзімі жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/31/1585631778331.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Халықаралық Олимпиада комитеті, Халықаралық паралимпиада комитеті, Токио-2020 ойындарын ұйымдастыру комитеті, сондай-ақ, Токио қаласы мен Жапония билігі Олимпиада ойындары өтетін мерзімді бекітті.
2021 жылға ауыстырылған жазғы Олимпиада ойындары келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 24 наурызда COVID-19 індетінің таралуына байланысты Жапония билігі мен ХОК Олимпиада ойындарын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдаған еді.
interfax.com.ua
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Токио Олимпиадасының өтетін мерзімі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125034/)