![Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/1/1585713173950.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады. Тек шығыста және солтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жекелеген өңірлерде тұман күтіледі, екпінді жел тұрып, оңтүстікте және оңтүстік-батыста найзағай ойнайды.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің күші 23-28 м/с артады. Алматы облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125075/)