![Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді?](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/1/1585737167652.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Бас санитарлық дәрігері коронавирустан қайтыс болғандардың қалай жерленетінін айтты.
«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», - деді ол брифингте.
Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустан қайтыс болғандар қалай жерленеді?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125086/)