Бір тәулік ішінде елімізде тағы 38 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 375-ке жетіп отыр. Қазіргі таңда карантинде 1952 адам, ал үйде 8903 азамат оқшауланған. Жалпы коронвируске 28 518 адам тексерілді. 26 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай 3 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің 16 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Cұлтан қаласында. Елордада науқастар саны 184-ке жетіп отыр. Ал Алматыда ауруға шалдыққан 84 адам тіркелді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 375-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125092/)