Бір тәулік ішінде елімізде тағы 48 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 423-ке жетіп отыр. 27 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай, 3 адам қайтыс болды. Бұл індет еліміздің 16 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Сұлтан қаласында. Елордада науқастар саны 193-ге жетіп отыр. Ал, Алматыда ауруға шалдыққан 91 адам тіркелді. Шымкентте 11, Ақмола облысында 19, Ақтөбе облысында 5 адамның вирус жұқтырып алғаны белгілі болды. Сондай-ақ Алматы облысында 9, Атырауда 18, Шығыс Қазақстанда 2 адамнан вирус анықталған. Жамбыл облысында — 5, Батыс Қазақстанда — 2, Қарағанды облысында — 21 науқас. Қызылордада 26, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында бір адамнан және Солтүстік Қазақстанда 8, Түркістан облысында 11 адамның вируспен ауырғаны тіркелді.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде вирус жұқтырғандар саны 423-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125149/)