Карантиндегілерді қашықтан қадағалауға арналған «Smart Astana» мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантинде отырған азаматтар жергілікті әкімдіктің жіті назарында болады. Бақылау тікелей мобильді қосымша арқылы жүзеге асады. Сәйкесінше, әр адам өзінің ұялы телефонына қосымшаны орнатып, Wi-Fi, Bluetooth және геолокация тетігін қосып қоюы шарт. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметінше, елорда бойынша қосымшаны 210 мыңға жуық азамат жүктеген. Мұндай тәжірибе әлемнің оннан аса елінде қолданысқа ие.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Карантиндегілерді қадағалауға арналған «Smart Astana» қосымшасы іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125162/)