![Алматыда 6 зертханада коронавирустан тест тапсыруға болады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/3/1585905049358.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда коронавирус инфекциясын анықтайтын зертханалар саны екі есеге көбейеді.
Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымованың айтуынша, жақында Алматыда тағы 3 зертхана коронавирус инфекцияларын анықтауға көшеді.
«Зертханалар санына келсек, бізде егер бұған дейін 3 зертхана жұмыс істеп тұрса, тағы 3 зертхана қосылады. Олардың бірі Корея мен Қазақстанның бірігіп ашқан жекеменшік зертханасы. Бұл ұйымның арнайы рұқсат құжаттары бар. Сондай-ақ, «Олимп» клиникалық диагностикалық зертханасының да арнайы рұқсаты бар. Сосын СПИД орталықтың лабораториясы қосылатын болды», - деді онлайн брифинг барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова.
Оның айтуынша, «Олимп» КДЗ бірнеше күннен соң жұмысқа кіріседі. Ал кореялық-қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр. ЖИТС орталық жұмыс материалдарын жеткізу бойынша келісімшарт жүргізіп жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда 6 зертханада коронавирустан тест тапсыруға болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125193/)