Елдік істе еңсе тіктеп, бас біріктіретін кез жетті. Мемлекет басшысы әскери міндеттілерді қысқа мерзімдік қызметке жинау туралы Жарлық шығарды. Әлемді әбігерге салған вирустан арылу – басты талап. Ал ол азаматтардың сақтана отырып, сапалы қолдау көрсетуіне тікелей байланысты.
Биылғы әскерге шақырудың жөні бөлек. Жаппай жинап жатыр. Бұған дейін өңірлерде қажетіне қарай өткізілетін. Негізгі себеп – індетпен күрес. Сосын су тасқынының да қаупі бар. Қысқа қайырсақ, қырсық бір айналдырғанды шыр айналдырмас үшін – адами ресурс әзір болуы керек.
Сын сағат бір жағынан шыңдайды. Енді бәріне төнген қауіптен жұдырықтай жұмылып құтылудың жолы ашылды. Қолдау таныту – әр адамның өз қалауында.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент әскери міндеттілерді қысқа мерзімдік қызметке жинау туралы Жарлық шығарды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125213/)