Мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік бағдарламалардың барлығы мерзімде әрі сапалы орындалады. Тіпті, қазіргі қиындықтарға қарамастан, халықтың тұрмысын арттыруға бағытталған бастамалардың көкжиегі кеңи түспек. Атап айтқанда, Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында 147 әлеуметтік нысан салу қарастырылған. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бүгінгі брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, салынатын әлеуметтік нысандардың қатарында тұрғын үй, жатақхана, ауыз сумен қамту, газдандыру, электр қуатын тарту сынды жоблалар бар. Сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2,5 мыңға жуық әлеуметтік нысанға жөндеу жасалады.
Ербол МӘНДІБЕК