Шымкентте 64 жастағы адам коронавирустан көз жұмды. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. 3 сәуір күні Шымкент қаласының жұқпалы ауруханасына жатқызылған. Науқас жүк көлігінің жүргізушісі болған. Мәскеу - Алматы маршруты бойынша Шымкент қаласына транзитпен тоқтаған. Температурасына байланысты жедел жәрдем шақырған. Бұл еліміз бойынша 6 факт. Кеше Түркістан және Ақмола облыстарында 2 адам қайтыс болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте 64 жастағы адам коронавирустан көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125242/)