![Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/6/1586143804096.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгіннен бастап Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, маршруттағы автобустар саны 36% -ға дейін азаяды. Ал 7 сәуірден кейін қалаішілік бағдарларда тек 68 қоғамдық көлік қатынайтын болады, яғни автобустар 80%-ға қысқартылмақ.
«Төтенше жағдай кезінде автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктердің қай жерде келе жатқанын infobus қосымшасы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар», - деп хабарлады әкімдіктегілер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде қоғамдық көліктер жаңа кестемен жүреді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125254/)