![Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/6/1586171325070.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған бір медициналық қызметкер ауыр халде жатқанын айтты.
«Қазіргі таңда Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған. Олардың 67-і коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайызы не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және симптомсыз жатыр», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125263/)