Тараз қаласына ертеңнен бастап карантин енгізілмек. Бүгін түнгі сағат 12-ден кейін қаладан шығуға не кіруге болмайды. Қазір өңірде қауіпті індет жұқтырған 35 адам тіркелді. Ауырғандардың көбі - шекара асып келгендер. Үндістанның Дели қаласынан келген ұшақ бортындағы 91 жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың төртеуінен қауіпті вирус табылды. Сондай-ақ Қырғызстан аумағына барып келген үш адам қатерлі ауруға шалдыққан. Сондықтан шекара маңындағы Қордай ауданы да оқшауланбақ. Ал жол жиектеріне қойылған бекеттердің көмегімен оннан астам адамнан жұқпалы инфекция анықталды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тараз қаласына ертеңнен бастап карантин енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125272/)