Қытай біздің елге COVID-19 індетімен күреске көмек ретінде 1 топ дәрігерлерін жібермек. Қытайлық миссия құрамында негізінен короанвирус дертінің алдын алу ісін жетік білетін, ауырғандарды емдеп-жазуда тәжірибесі мол мейіргерлер бар. Көрші елдің тәжірибелі медицина қызметкерлерін елге алдырту Қазақстан тарапының ұсынысы. Естеріңізде болса, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев – Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзипиньмен телефон арқылы сұқбатында коронавирус індетімен күресте өзара қолдау жайын келіскен болатын. Осы келісімінің арқасында қытайлық дәрігерлердің алғашқы легі елімізге 9-шы сәуір күні келетін болды.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдан Қазақстанға бір топ дәрігерлер көмекке келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125338/)