Блок бекеттердің жұмысы қатаң бақылауға алынып жатыр! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бүгін Нұр-Сұлтандағы осындай бекеттердің біріне барып, тексеру жүргізді. Өйткені ондағы полицейлердің жұмысына шағымданушылар көп. Тіпті әлеуметтік желіде 50, 100 мың теңге пара беріп, посттан оп-оңай өтіп кетуге болады деген сарындағы ақпараттар өріп жүр. Сондықтан жемқорлыққа қарсы қызмет қоғам белсенділері, мәслихат депутаттарымен бірігіп, елордадағы 7 посттың жұмысын қадағаламақ. Айта кетерлігі, қалаға азық-түлік тасымалдаушылардың кіріп-шығуына кедергі жоқ. Әрі емделу үшін өзге қалаға баруы тиіс адамдарға жол ашық. Бірақ оны растайтын құжат болуы тиіс.
Досжан МАРАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі блок бекеттерге рейд жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125341/)