![Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/8/1586342386161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
COVID-19 пандемиясы әлем экономикасы мен жұмыс күшіне жойқын соққы беруде. Дүниежүзілік еңбек ұйымының болжамы бойынша коронавирустың әсері 2008 жылғы қаржы дағдарысынан да қатты болуы мүмкін.
«2008-2009 жылдары бүкіләлемдік қаржы дағдарысының салдарынан біз 22 миллионға жуық жұмыс орнын жоғалттық. Болжам бойынша алдағы үш айдың өзінде әлемде 195 миллион адам жұмысынан айырылуы мүмкін», - дейді Дүниежүзілік еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.
Дәл қазіргі сәтте әлем елдерінде енгізілген төтенше жағдай мен карантин салдарынан 2 миллиард 700 миллионға жуық адам жұмысқа шықпай отыр. Бұл барлық жұмыс күшінің 81 пайызын құрайды.
Дереккөз: euronews
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлем бойынша жұмыс күшінің 81 пайызы карантинде отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125367/)