Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеомен коронавирустың таралуына қарсы күресті талқылады. Телефонмен әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Ал Помпео мырза Вашингтонның пандемияны тезірек ауыздықтау және оның салдарын жою мақсатындағы екіжақты ықпалдастықты арттыруға мән берді. Сондай-ақ қос елдің саяси диалогын, стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері де сөз болды.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент АҚШ-тың мемлекеттік хатшысымен сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125375/)