Сондай-ақ дәрігерлерге «Біз біргеміз» қоғамдық қорына жиналған қаржыдан көмек көрсетіледі. Жалпы, бүгінге дейін қорға жиналған қаржы көлемі 14 миллиард теңгеден асады. Оның 8 миллиард теңгесі медициналық маска алуға, әлеуметтің әлсіз топтарын қолдауға және медициналық қызметкерлерге үстемақы төлеуге жұмсалған. Шығындарды тәпсірлеп берсек. 8 миллиард теңгенің - 531 миллионы 5 миллион маска сатып алға аударылды. Ал жеті жарым миллиардтан астам теңге қиын жағдайға тап болған 150 мың тұрғынға 50 мың теңгеден үлестірілген. 106 миллион теңге болса, Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы эпидемиямен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге төлем жасау үшін бөлінді.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Біз біргеміз» қорындағы қаржының бір бөлігі дәрігерлерді қолдауға жұмсалады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125392/)