![АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/9/1586409012343.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АҚШ коронавирустан бір тәулікте қайтыс болған адам саны бойынша жаңа антирекорд орнатты. Бұл туралы Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінде көрсетілген.
Бүгінге дейін АҚШ-та COVID-19-дан 14 768 адам қайтыс болған. Ал өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 1965 адам көз жұмған. Ел бойынша дертке шалдыққандардың жалпы саны 431 мыңдай, 23 мың адам емделіп шыққан.
Нью-Йорктегі ең үлкен шіркеулердің біріне коронавирус жұқтырғандар жатқызылады. Мұнда апта соңына дейін 200 науқас орналастырылады.
Сондай-ақ Нью-Йорктегі зообақта арыстандар мен жолбарыстар коронавирус жұқтырған. 4 жолбарыс пен 3 арыстаннан індет анықталды. Алдын ала болжам бойынша, олар сондағы қызметкерлерден жұқтырса керек. Қазір жыртқыштар мамандар бақылауында.
ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 2 мыңға жуық адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125416/)