![Ресейде 1-8 сынып оқушылары үшін оқу жылы аяқталуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/4/9/1586409096791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
РФ Білім министрлігі өңірлік билік басқармаларына аймақтағы коронавирусқа қатысты ахуал күрделенген жағдайда 1-8 сынып оқушыларына оқу маусымының күнтізбесін өзгертуді ұсынды.
«Қазіргі жағдайға байланысты әрбір аймақ оқу маусымының күнтізбесін өзгертуге немесе 1-8 сынып оқушыларына үш тоқсанның нәтижесі бойынша оқу жылын аяқтауға мүмкіндіктері бар» - делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда өңірлік билік басқармалары 1-8 сынып оқушыларына арналған төртінші тоқсанның бағдарламарын келесі оқу жылына ауыстыруына да болады.
Дәл қазіргі таңда Ресейде COVID-19 індетін сегіз мыңнан аса адам жұқтырып, 63 науқас көз жұмған. 580 адам індеттен айығып шықты.
Дереккөз: Interfax
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде 1-8 сынып оқушылары үшін оқу жылы аяқталуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/125417/)